«Самғау» Ғылыми – Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры инновациялық бастамаларды іріктеу, сараптау мен жүзеге асыру бойынша бірыңғай оператор болып табылады. Қор ҒЗТКЖ қаржыландыру бойынша шешім қабылдайтын  «Самұрық-Қазына» АҚ Ғылыми-Техникалық Кеңесінің жұмыс органы қызметін атқарады.

Өтінімдерді қарастыру процесі

  1. Өтінім бекітілген нысан бойынша дайындалады және алдын ала қарастыру үшін application@csti.kz электронды мекен-жайына жіберіледі.
  2. Егер Өтінім ҒЗТКЖ және инновациялар корпоративтік стандартының талаптарына сәйкес келсе, Өтінім беруші «Самғау» Ғылыми – Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры жұмыскерлерінің кеңесін ала отырып, Өтінімге толық Өтінішті дайындайды және басқа да нысандарды толтырады.
  3. 2-этапты өткен өтінімдер сыртқы ғылыми және қаржылық сараптамадан өтеді.
  4. Сараптамадан өту нәтижесі бойынша және сарапшылардың оң қарытындысын алған Өтінімдер «Самғау» Ғылыми – Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қорының қорытынды жазбасымен «Самұрық-Қазына» АҚ Ғылыми-Техникалық Кеңесіне жіберіледі. «Самұрық-Қазына» АҚ Ғылыми-Техникалық Кеңесі қаржылардыру бойынша оң шешім қабылдаса «Самғау» Ғылыми- Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры ҒЗТКЖ жүргізуге Шарт жасайды.