«Самұрық-Қазына» АҚ тобына енетін жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын шоғырландыру және жүйелендіру мақсатында, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы жыл сайынғы міндеттемелерін орындау аясында, сонымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сай «Самұрық-Қазына» АҚ 2022 жылдың сәуір айында «Ғылыми – технологиялық бастамалар орталығын» құрды.

2022 жылдың желтоқсан айында Ғылыми – технологиялық бастамалар орталығы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңында «Самғау» Ғылыми – Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры ретінде коммерциялық емес ұйымға айналу арқылы қайта тіркелді.

Біздің МИССИЯМЫЗ – халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін білімді қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімді және ашық экожүйесін құру. «Самғау» Ғылыми – Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры өз миссиясын орындау үшін ҒЗТКЖ және иновацияларға қолдау көрсету арқылы Қазақстан экономикасының нақты секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және ол үшін өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

Ғылыми-зерттеу және инновациялық бастамаларды іріктеу мен жүзеге асырудың тиімді және ашық жүйесін құру.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық бастамаларды іріктеу мен жүзеге асырудың жүйесі өтінім берілген сәттен бастап жоба аяқталғанға дейін ашық және түсінікті процесс болуы тиіс. Іріктеудің тиімділігі жобаларды егжей-тегжейлі сараптау арқылы қамтамасыз етілуі ​​тиіс, ал процестің ашықтығы іріктеудің және іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаның жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Ғылыми-инновациялық қауымдастық пен өндірістің өзара әрекеттесуінің тәжірибелік тетіктерін құру.

Отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кәсіпорындарға инновациялық, жоғары технологияларды енгізу қажеттілігімен тікелей байланысты. Өндірістік процесстерді оңтайландыру, өнімділікті және технологиялық жабдықтауды арттыру мақсатында отандық кәсіпорындардың технологиялық мәселелерін шешу үшін Қазақстандағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін шоғырландыру керек.

 

Ұлттық инновациялық және ғылыми-зерттеу жүйесінің біріктірілген бөлігіне айналу

Ұлттық инновациялық және ғылыми-зерттеу жүйесінің барлық элементері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдар мен университеттермен, өнеркәсіп және қаржы институттарымен қарым-қатынас орнату қажет, ғылыми және инновациялық қызметті қолдаудың барлық қолданыстағы құралдарымен синергияны қамтамасыз ету керек.

 

Біз еліміздің экономикасының тұрақты дамуы үшін құнды идеяны жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік береміз.